"Еріктілер жылы" аясында Жалағаш ауданының волонтерлары түрлі бағыттағы 14 жобаның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлық жобаның құны 5 млн теңгені құрайды. Атап айтқанда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен "Қызылорда облысының ауылдық ҮЕҰ-дың және бастамашыл топтардың әлеуетін көтеруге арналған 4 грант, "Birgemiz Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасы аясында 2 шағын грант, "Birgemiz: Umit" волонтерлік бағыты бойынша 4 шағын грант, "Birgemiz: Saulyq" волонтерлік бағыты бойынша 1 шағын грант, жастар арасында волонтерлік брендін танымал ету бойынша "Ашық жүрек" жобасы шеңберінде волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған 3 шағын грант иеленді.
Жобалардың барлығы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, бұқаралық спортпен айналысу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру,психологиялық-педагогикалық, медициналық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылуда.
Ауданда алдағы уақытта шағын грант иеленуге 7 бағыт бойынша 30 жобаға өтінім берілді.