• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Парламент 20 Қазан, 2020

Қазақстан-Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы заң жобасы қаралады

290 рет
көрсетілді

Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда сенаторлар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын талқылады.

Осы келісім мемлекеттерге азаматтардың көші-қоны, көші-қон заңнамасын бұзушылықтар және заңсыз көші-қон жолдары, сондай-ақ, елдердің бірінің аумағында болу үшін негіздер бар тұлғалардың құқықтық мәртебесі туралы ақпараттар алмасуға мүмкіндік береді.

"Ресми статистикаға сүйенсек, 2019 жылы Қазақстанға 32 мыңға жуық Беларусь азаматы кірген. Оның ішінде 76-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бүгін қаралып отырған келісімнің маңызы зор. Бұл құжатта ақпараттар мен мәліметтер алмасу түрлері, азаматтардың санаттары және ынтымақтастықты нығайту нысандары мен негізгі бағыттары нақты көрсетілген. Екі елдің көші-қон мәселелерінде өзара әркеттесетін құзіретті органдары да анықталған. Қазақстанда ол – Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі", – деді сенатор Рысқали Әбдікеров.

Келісім екі мемлекеттің заңдарына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес Беларусь аумағындағы Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.