• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2013

Елбасы сыны ел назарында

350 рет
көрсетілді

Қазақстандықтардың 97 пайызы үстіміздегі жылдың 11 қазанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының Үкімет пен жергілікті атқару органдарын қатаң сынға алуынан кейін олардың халықтың өткір мәселесін шешу жөніндегі жұмыстары неғұрлым белсенді бола түсті деп есептейді.

Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты үстіміздегі жылдың 11 қазаны күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президентінің берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы қазақстандықтардың қоғамдық пікірін білу мақсатында 9-14 қараша аралығында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнама 14 облыс пен республикалық маңызы бар 2 қала тұрғындарын қамтыды.

Сауалнама бойынша қазақ­­­­­стан­дық­­­­­­тардың 97 пайызы аталған отырыс­­та Елбасының Үкімет пен жергілікті ат­қа­ру органдарына айтқан қатаң сыны­нан кейін олардың халықтың өт­кір мәселелерін шешу жөніндегі жұмыс­­тары белсенді бола түсті деп есептеген.

Сауалнамаға қатысқандардың 97 пайызы Президенттің тапсырмаларын орындау жөніндегі Үкімет пен жергілікті атқару органдарының қызметі туралы білетін болып шықты.

ТКШҚ, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларының қызметі және әлеу­­­мет­тік бағыттағы мемлекеттік жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуы респонденттердің үлкен сын ескертпелеріне ұшыраған. Сауалнамаға қатысушылардың 90 пайызы мұның себебі, жекелеген шенеуніктердің жауап­­­сыз­дығына қатысты болып отыр деп есептейді.

Сауалнамаға қатысушылардың 72 пайыздан астамы Елбасы сынынан қорытынды шығару жөніндегі неғұрлым сәтті жұмыс игерілмей қалған бюджеттік қаражаттар, жоба­­­­лардың қымбаттауы мен дұрыс қар­жыландырылмауы үшін шенеу­ніктерді жазалауды қарастырған жаңа заң жобасының әзірленуі болды деп есептесе, 84 пайызы – жаңа трассалық дә­­рі­герлік құтқару пункт­­­терінің жыл соңы­на дейін іске қосы­латындығы, 94 пайызы – мемлекеттік қала құры­лы­сы кадастрының біртұтас жүйесінің енгізілуі, 92 пайыздан астамы – Мем­­­ле­кет басшысының Үкіметтің ке­ңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік ор­ган­­­­­­дардың қызметі мен проблемалық мә­­­селелерді жариялау жөніндегі БАҚ-тар қызметінің жақсаруы деп есептеген.

Соңғы жаңалықтар