• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Қазан, 2020

Елордалық полиция жолдағы ерекше жолаққа қатысты түсініктеме берді

159 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жол бойындағы ерекше жолаққа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, әл-Фараби (бұрынғы Угольная) даңғылында қазір екі жолақ параметрлері өзгертілді. Норматив талаптарын ескеріп, екі жолақ арасындағы қашықты ұлғайтып жатыр дейді.

"Ірі жолақты қойып жатқанда бұрынғы тұтас сызық та демонтаждалады. Жұмыстар 21 қазанда аяқталады деп жоспарланған. Осыған байланысты магистральдің категориясы мен маңызын ескере отырып, қос тұтас жолақ параметрлерін өзгертуге шаралар қабылданды. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан абай болуды және жол ережесін сақтауды сұраймыз", деді полициядағылар.