• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қазан, 2020

Қарулы Күштердің метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқамасы бекітілді

158 рет
көрсетілді

Қорағаныс министрінің 2020 жылғы 13 қазанда №526 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 25-26 тармақшаларын іске асыру үшін әзірленді.

Онда Қарулы Күштер метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру және іс-шараларды жоспарлау тәртібі және Қорғаныс министрлігі Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығына жеткізілімдер мен есептерді жолдау мерзімдері анықталған.