• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қазан, 2020

Қазақстан мен Иран арасындағы консультациялардың тоғызыншы отырысы өтті

212 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында консулдық консультациялардың тоғызыншы отырысы бейне конференция арқылы өтті.

Отандық делегацияға ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, ирандық делегацияға ИИР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Махмуд Адиб жетекшілік етті. 

Іс-шара барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар өзара консулдық-құқықтық және визалық, оның ішінде екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін жан-жақты талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.

ҚР мен ИИР арасындағы консулдық консультациялардың сегізінші  отырысы 2018 жылы 13-14 қарашада Тегеран қаласында өткен.