• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2013

Сусын шығаратын жаңа зауыт

578 рет
көрсетілді

Ақтөбеліктер «Рикс ЛТД» ЖШС зауы­ты шығаратын оннан астам түрлі сапалы да арзан сусындар мен шырындарды тұтынатын болады. Серіктестіктің Ақтөбеде ашыл­ған заманауи қондырғылармен жаб­дық­тал­ған зауыты сағатына 20 мың шыны су­сындар шығарады.

Ақтөбеліктер «Рикс ЛТД» ЖШС зауы­ты шығаратын оннан астам түрлі сапалы да арзан сусындар мен шырындарды тұтынатын болады. Серіктестіктің Ақтөбеде ашыл­ған заманауи қондырғылармен жаб­дық­тал­ған зауыты сағатына 20 мың шыны су­сындар шығарады. Ауызсу мен су­сындар шығаратын бұл өндірістің негізі Алматыда 2005 жылы қаланған. Бұл күнде көпшілікке салқын шәй мен шөл­басар сусындардың небір түрін жет­кізіп отырған танымал фирманың Ақ­төбеде желісін кеңейтуі тегін емес. Өйт­кені, бұл өңір олар үшін тұтыну­шылар тартуға, жан-жаққа өнім жө­нел­туге қолайлы аймақ болып табылады.

«Рикс ЛТД» ЖШС-нің Ақтөбедегі зауытының ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков Үдемелі индустриялық-инновациялық да­му бағдарламасы аясында жү­зеге асырылып отырған бұл жобаның келешегі кемел екеніне сенім білдірді.

Ақтөбеде ашылған зауыттың директоры Алексей Миронов бұл жобаны қысқа мерзім ішінде жүзеге асыруға жергілікті би­лік органдарының қолдау көр­сет­кеніне алғысын білдірді. Не­містің «Кронос» фирмасының жабдықтарымен жұмыс істей­тін өндірісте, жоғарыда айт­қа­нымыздай, сағатына 20 мың шыны әртүрлі сусындар шығарылады. Сусын, шырын құятын желілер жұмыс істейді.

Зауыт өнімдері Ақтөбе облысымен қатар, Қазақстанның батыс өңірлеріне, сондай-ақ, Ресейдің көршілес аймақтарына өткізілетін болады. Бұл ретте халықаралық дәліз жолы, басқа да тасымал құралдары кеңінен пайдаланылмақшы.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар