Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралады.
Отырыс Президенттің баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасынан көрсетілуде.