• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қазан, 2020

Әкелердің 70 пайызы алимент төлемейді

579 рет
көрсетілді

Ажырасулар көп, оның ішінде әкелердің 70 пайызы алимент төлемейді. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Ләззат Қожахметова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қоғамда отбасы институтының төмендегені жасырын емес. Ажырасулар көп, оның ішінде әкелердің 70 пайызы алимент төлемейді екен. Алимент өндіру заңының қатаңдатылуын қалаймыз. Ажырасқан ер азаматтардың жауапкершілігі төмендеген. Сонымен қатар, әйел адамдар медиада зорлық-зомбылықтың құрбандары ретін елімізде көп насихатталады. Өздерін қорғансыз сезінуде. Соған байланысты қоғамда әйел адамның рөлін көтеруге ұсыныс жасаймыз", деді Л.Қожахметова.

Осыған байланысты Ләззат Қожахметова мемлекеттік басқару ісінде, квазимемлекеттік секторларда, ұлттық компанияларда жетекші лауазымда істейтін әйелдердің өте аз екенін айтты.

"Егер әйел адам тұлға ретінде қалыптасатын болса, бұл баланың келешегіне, отбасының нығаюына және қоғамның дамуына үлкен серпіліс әкелетіні сөзсіз", деді кеңес мүшесі.