Америкалық Osiris-Rex ғарыш зонды астероидтан сынама алу миссиясын сәтті орындады, деп хабарлайды Egemen.kz АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігінің (NASA) сайтына сілтеме жасап.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ғарыштық зонд Бенну астероидының солтүстік жарты шарында орналасқан, шамамен Нью-Йорк Империя Стейт-Билдинг өлшеміндегі кратерге қонды.
Оның түсуінен кейін инженерлер реголиттік іріктеу жүйесін сәтті қолдана алды.
Роботтандырылған жүйе Touch-And-Go Sample Acquisition Mechanism (TAGSAM) деп аталады. TAGSAM-да сынама алу қондырғысы және үш метрлік жиналмалы манипулятор бар. Осирис-Рекстің Жерге оралуы 2023 жылға жоспарланған.