• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қазан, 2020

Шекарашылар контрабандалық 19 қап бекірені тәркіледі

82 рет
көрсетілді

21 қазанда Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ("Сырым" өткізу пункті) қызметкерлері 19 қапқа салынған мөлшері 118 дана бекіре тұқымдас балық түріндегі контрабандалық жүкті алып өту әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.

Тасымалдаушы бұл жүкті пияз салынған қаптардың астына салып, тексеруден жасырған.

Ұсталған Ресей Федерациясының азаматы ҚР-дан РФ-ға жүк автомашинасымен кетіп бара жатқан, ол Байтерек ауданының ПБ қызметкерлеріне тапсырылды.