• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Ақпан, 2020

Санкт-Петербургте қазақ тілін онлайн үйрететін сынып ашылды

270 рет
көрсетілді

Санкт-Петербургте онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады деп жазады, Egemen.kz

Аталмыш жоба "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ және "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Арнайы құрылғылар "Ата-Мекен" өңіраралық қоғамдық бірлестігіне жіберілді. Онлайн сынып Ұлттық әдебиеттер кітапханасында орналасқан. 

1 ақпан және 30 мамыр аралығында онлайн оқытудың І семестр сабақтары өтеді. Қатысу үшін "OQ-BILIM" телеграм каналына жазылып, сілтеме арқылы өту керек. Семестр соңында курс тыңдаушылары тестілеуден өтіп, арнайы сертификатпен марапатталады. Курсты сәтті аяқтаған мектеп оқушылары Қазақстандағы жазғы лагерлерге тегін жолдама алады.