• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2013

«Ананимус» тобының хакері Перу президенті сайтын бұзып кірді

397 рет
көрсетілді

«Анонимус» тобының хакері Перу мемлекет басшысы Ольянта Умаланың сайтын бұзып кірген. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Хакер бірнеше минутқа Перу президенті Ольянта Умаланың сайтына кіруге мүмкіндік алған. Порталды бұзып кірген ол президенттің серверіне үкімет пен мемлекет басшысының өзіне бағытталған сыни материалдар жариялап үлгерген.

LuizSecPeru бүркеншік есімді хакер бұл әрекетті мемлекеттік органдар интернет-порталдарының қауіпсіздігінде шикіліктер бар екенін көрсетіп, үкіметтің атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толмайтынын айту мақсатында ұйымдастырғанын жеткізді. Сайттың жұмысы қалпына келгеннен кейін ол өзінің Твиттердегі бетіне Перудің жаңа заңдарына наразылық білдіретінін жазды. Бұл заңдардың бірінде ақпараттық салада жүргізген қылмыстарға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған екен.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар