• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қазан, 2020

Қырғызстандағы президент және парламент сайлауы кейінге қалдырылды

163 рет
көрсетілді

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров "ҚР Президенті мен Жоғарғы Кеңес депутаттарын сайлау туралы "Қырғыз Республикасының Конституциялық Заңының кейбір нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы" ҚР Конституциялық Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қабылданған заңда конституциялық реформа жүргізу аяқталғанға дейін Жоғарғы Кеңес депутаттарының қайта сайлауын өткізу тәртібі регламенттелген "Жоғарғы Кеңес Президентін және депутаттарын сайлау туралы" Қырғыз Конституциялық Заңының 38 және 63-баптарының қолданысын тоқтата тұру көзделеді. Жоғарғы Кеңес депутаттарын сайлауды өткізу мерзімі Конституциялық реформа жүргізілгеннен кейін осы елдің заңнамасына сәйкес, бірақ 2021 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей белгіленеді.