Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова каратеден ұлттық құраманың бас бапкері Жасталап Санауовты "Спорт саласының құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz
Естеріңізге сала кетейік, каратеші Дархан Асаділов Токио Олимпиадасына жолдаманы алдын ала жеңіп алған. Қазір Дархан олимпиадалық және халықаралық рейтингте бірінші орында тұр.
Бұл қазақ спорты үшін тарихи жағдай. Себебі аталған спорт түрі алғаш рет олимпиада қатарына қосылды.