Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ITF турнирінің жеңімпазы атанған Қазақстан теннисшісі Кәмила Керімбаеваны телефон арқылы құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев К.Керімбаеваны спорттағы маңызды жетістігімен құттықтап, оған жаңа жеңістер тіледі.
ITF сериясы жарыстарының әйелдер арасындағы турнирі халықаралық теннис қауымдастығының (WTA) тікелей қолдауына ие. Ол жас теннисшілердің келешекте WTA-ның ірі турнирлеріне қатысуы үшін өткізіледі.