Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Бақыт Дәнебекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне;
Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен: Бақтияр Сардарбекұлы Тасымов Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі, Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.