• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қараша, 2013

Күн тәртібінде – жеті заң жобасы

272 рет
көрсетілді

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Бюрода Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне заңнамаға атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы берілді. Қаржы және бюджет комитеті «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетіне еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы берілді.

Сондай-ақ, бюрода депутаттар биылғы 21 қарашада болатын палата отырысының күн тәртібін талқылады. Отырысқа жеті заң жобасы шығарылатын болып белгіленді.

Соңғы жаңалықтар