Алматыда белгісіз біреулер дәмхананың алдында жаяу жүргіншілерге отшашу ұйымдастырған, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға орнында түсірілген кадрлар желіде тарап, қолданушылардың арасында қызу пікірталасқа ұласты. Жиналғандардың бірі отшашуды мақұлдаса, екінші бірі наразылығын білдіріп отыр.
Аталған жайт бойынша қалалық Полиция департаментінің өкілдері отшашу ұйымдастырушыларының жеке басын анықтап жатыр.
"Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аталған материалды өндіріске қабылдады. Қазір орнату және тексеру шаралары жүргізілуде. Полицейлер отшашу ұйымдастырушыларын анықтап, оларды міндетті түрде жауапкершілікке тартады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жерде әкімшілік заңнаманың бірқатар нормасын, жол қозғалысы ережелері мен тыныштықты бұзу туралы дәйектер анықталды", дейді департаменттің ресми Салтанат Әзірбек.