• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2020

Кентаулық кәсіпкер түйеқұс өсіруде

486 рет
көрсетілді

Кентау қаласы Иассы ауылының тұрғыны Нәліпан Мырзақұлов өз ауласында түйеқұс өсіруде. Бүгінгі таңда құстың саны балапандарымен қосқанда 19-ға жеткен. Шаруа құстың тұқымын көбейтіп, оны кәсіп көзіне айналдырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауласына арнайы қоршау жасатып, сол жерде бағатын Нәліпан Мырзақұлов түйеқұстың есті жеңсік ас, жұмыртқасы бағалы, қауырсыны да емге дауа екенін айтады. Аталмыш түйеқұс австралиялық тұқым. Олардың жұмыртқасы ерекше қара түсте болады. Ал, африкалық түйеқұстың жұмыртқасы ақ болып келеді екен. Кәсіпкер бұл құсты қолға үйрету аса қиын шаруа емес екенін айтады. Тез жерсінеді. Шөл жерлерде де төзімді. Жем-шөбі уақытылы беріліп отырса, пайдасы – көл-көсір. Жұмыртқасының бір данасысының бағасы 5 мың теңгеден асады екен. Еті жүрек ауруына пайдалы бұл құс 40-50 жылдан астам өмір сүреді. Кәсіпкер алдағы уақытта құстың басын көбейтуді жоспарлап отыр.

 

Түркістан облысы