• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2013

Қырғызстан Кеден одағына қосылмақ

236 рет
көрсетілді

Кеше Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Еуразия экономикалық комиссиясы Ке­ңе­­сінің (ЕЭК) кезекті отырысы болып өтті.

 

Кеше Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Еуразия экономикалық комиссиясы Ке­ңе­­сінің (ЕЭК) кезекті отырысы болып өтті.

ЕЭК отырысында Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, ЕЭК жұмысына Украина, Қырғызстан және Армениядан шақырылған өкілдер қатысты.

ЕЭК Кеңес мүшелері Армения Республикасының Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) қосылу мәселесі жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады. Аталған жұмыс тобы Арменияның Кеден одағына және БЭК-ке қосылуы бойынша Жол картасын әзірлеуге кірісетін болады.

Бүгінгі отырыстың маңызды бір қорытындысы Қырғызстан Республикасының Кеден одағына қосылуы Жол картасының мақұлдануы болды. Аталған жұмыс 2011 жылғы қазанда басталғаны белгілі. Бақытжан Са­ғын­таев Жол картасының жобасын мемлекеттер бас­шыларының қарауына Мәскеуде өтетін Жоғары Еура­зиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы барысында талқыға салынуы жоспарлануда екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ЕЭК Кеңесі отырысында жеке тауар түрлеріне (электр қозғалтқышты конденсаторлар және моторлы транспорттық құралдар) қатысты Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтік баждарының импорттық ставкаларын қолдану бойынша шешімдер қабылданды. ҚР бірінші вице-премьерінің айтуынша, аталған шаралар ірі инвестициялық жобаларды, сонымен қатар, бірлескен жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, Кеден одағындағы экологиялық жағдайларды жақсартуға мүмкіндік туғызатын болады, деп хабарлады Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар