• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қазан, 2020

Astana ореn турнирінің алғашқы жарыс күні өтті

132 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтандағы ATP 250 сериясындағы турнирдің негізгі кестесіне түскен барлық ойыншылар анықталды. Турнирдің негізгі бөлігіне өткен теннсишілердің қатары іріктеу кезеңінің төрт жеңімпазымен толықты. Олар: Аслан Карацев, Дамир Джумхур, Юити Сугита және Эмиль Руусувуори. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Жарыс күнінің екінші жартысында 1/16 финалдық кездесулер басталды. Кездесулердің барлығы тартысқа толы болды. Жеңімпаздар көп жағдайда үш сеттік матчтар мен тай-брейкте анықталды.

Турнирдің бірінші күні жергілікті жанкүйердің назары Дмитрий Попкода болған. Ұйымдастырушылардан уайлд-карта алған Қазақстан теннисшісі кортта барын салды, алайда жеңіс қарсыласына бұйырды.

Бірінші раунд кездесуінде Дмитрий Попкоға Молдова өкілі Раду Альбот (әлемнің 85-ракеткасы) қарсылас атанды.

Матч аса тартысты жағдайда өтті. Теннисшілер бірінші сеттің басында брейктермен алмасты. Есеп 4:4 болғанда Дмитрий Попко сетке доп беріп, алғашқы партияны өз пайдасына шешті.

Екінші сетте 4:1 есебімен ұтылып жатқан Дмитрий есепті теңестіріп кеткен, алайда Албот соңғы екі шешуші ойында басымдық танытты. Үшінші сет екі қарсыластың доп алмасуымен өтті, дегенмен Раду Албот бұл жолы да мықтылығын мойындатып кетті. Есеп: 6:4, 4:6, 6:4.

"Жүйкем сыр берді, әдеттегі матчтардың бірі деп өзімді сендіруге тырыстым. Бұл мен үйренген корт, өзімді жақсы сезінемін. Бірақ мен  кей сәттерде тым сылбыр ойнағанымды мойындаймын, тәукелге бармадым, қарсыласым қай жерден мүл кетеді деп, оның ойынын аңдумен болдым. Осы менің қателегім болды. Менде бес бірдей брейк-поинт болды, бірақ мен оларды сәтті пайдаландым деп айта алмаймын. Мүмкін мен жеңіске жетуді көп ойлаған болармын, қажет сәтте берілген мүмкіндікті мүлт жіберіп алдым", - деді Дмитрий Попко ойыннан кейін.

Ерлер арасындағы жекелей сынның негізгі кестесінде үш қазақстандық қалды: Михаил Кукушкин, Александр Бублик және уайлд-картаның тағы бір иегері Александр Недовесов.

Орталық корттағы ойын күнін бірінші күннің ең тартысты кездесуі аяқтады. Елорда төрінде өтіп жатқан турнирге әлемдік деңгейдегі теннис жұлдыздары, жанкүйерге есімдері жақсы таныс спорт жұлдыздары жиналды. Сондықтан олардың әр-бір кездесуі спорттық тартысқа толы болатыны анық. 

Әлемнің жетінші ракеткасы болған Фернандо Вердаско (Испания) және оның бірінші раундтағы қарсыласы Джеймс Дакворт (Австралия) арасындағы кездесу нағыз шеберлердің бәйгесіне айналды. Екеуінің де доп беру жылдамдығы сағатына 200 км жетті, шеберліктері бір-бірінен кем түспейді, кортта жоғары деңгейдегі, нағыз мықтыларға сай ойын көрсетті. Вердаско бірінші сетте жеңіске жетті. Екіншісінде Дакворт еншісіне екі сетбол алған, алайда австралиялық өз мүмкіндігін уысынан шығарып алды. Ал тай-брейкте Вердасконың жолы болып кетті: 6:4, 7:6 (7:5).

Әлемдік рейтингтің 64 сатысына орналасқан Фрэнсис Тьяфу 1/8 финалға шығу үшін  франзуз Корентено Мутемен ойнады. Тьяфу кортта өзіне сенімді көрінде, доп берулері де сәтті шықты. Муте жүйкесі сыр бердіме бірнеше рет төрешімен сөз таласып қалды, ақыры ескерту алды. Шиеленіске толы болған финалдық геймде француз спортшысы қателікке бой алдырды, Ал қарсыласы болса кездесудегі жеңіс ұпайын өз пайдасына жазды. Есеп: 6:3, 6:2.

Astana Open алғашқы күнінің барлық нәтижелері

Екінші іріктеу кездесулері:

Аслан Карацев (Ресей) – Алексей Попырин (Австралия): 6:3, 6:3;

Дамир Джумхур (Босния және Герцеговина) – Янник Ханфман (Германия): 6:4, 6:4;

Юити Сугита (Жапония) – Марк Полманс (Австралия): 3:6, 6:2, 7:6 (7:5);

Эмиль Руусувуори (Финляндия) – Виктор Троицки (Сербия): 6:3, 6:7 (3:7), 6:3.

1/16 финал:

Раду Албот (Молдова) – Дмитрий Попко (Қазақстан): 6:4, 4:6, 6:4;

Фернандо Вердаско (Испания) – Джеймс Дакворт (Австралия): 6:4, 7:6 (7:5);

Фрэнсис Тьяфу (АҚШ) – Корентен Муте (Франция): 6:3, 6:2;

Томми Пол (АҚШ) – Стефано Травалья (Италия): 7:6 (7:2), 6:3;

Кэмерон Норри (Ұлыбритания) – Джордан Томпсон (Австралия)