• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қазан, 2020

Атырауда "Қарулы Күштер – адалдық алаңы" ашылды

637 рет
көрсетілді

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте "Қарулы Күштер – адалдық алаңы" ашылды.

Департамент бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатыбалдиевтың айтуынша, мақсат – Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Жобалық топтың құрамында департаменттің әскери есепке алу, шақыру, кадр жұмысы және қаржы қызметі мәселелері жөніндегі әскери қызметшілері мен азаматтық персонал мамандары бар.

Жобалық кеңсенің талабына сәйкес, кезекші  келушіні тікелей қабылдауды жүзеге асыратын кеңсе жетекшісіне хабарлайды. Тұрғындар сауалына жауап беретін жобалық топтың мамандарын шақырады.

"Кеңсе құрамында негізгі мәселелер бойынша лауазымдық тұлғалар да бар. Олар өңір  тұрғындарының әскери саладағы сұрақтарына жедел, уақытылы және шынайы жауап беруге дайын. Тұрғындар сауалына орай нақты шешімдер қабылданады", дейді жобалық кеңсенің басшысы, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатыбалдиев.