• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Қазан, 2020

Орскіде онлайн қазақ сыныбы ашылды

204 рет
көрсетілді

Орск қаласында қазақ сыныбы  жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Онлайн сыныптың ресми ашылуы онлайн форматта өтті. Оған “Әлем” Орск қаласының жергілікті ұлттық-мәдени автономися” қоғамдық ұйымының төраға орынбасары Бисенов Даурен, “Шашу” ұлттық қазақ анссамблінің шығармашылық төрағасы Зыряева Алла, “Отандастар қоры” КеАҚ жобалар координаторы Қалыбек Қобландин және консультант Нұрымжан Жұмағазиев қатысты.

Кездесуде онлайн қазақ сыныбының жұмыс миханизмі түсіндірілді. Сонымен қатар мұғалімдердің біліктіліктілігін арттыру курсы және Абай институты порталы туралы хабарлама берілді.

Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен “Отандастар қоры” КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.