• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Қазан, 2020

Батыс Қазақстанда бойжеткен үш сіңлісін өрттен құтқарды

1527 рет
көрсетілді

Бүгін түнгі сағат 02:12-де облыстық Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне Жәнібек ауылы, Шарафудинова 5/2 көшесінде жеке тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Өрт жұмыстарын барлау кезінде жалпы ауданы 25 шаршы метр құрайтын екі пәтерлі үй жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнынан 1983 жылы туылған үйдің қожайыны улы газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Алайда, улы газдың уланған үй иесі есін жимастан, ауруханада көз жұмды.

Айта кету керек, өрт сөндірушілер келгенге дейін 2004 жылы туған үй иесінің үлкен қызы терезе арқылы үш жас баланы алып шықты. Сондай-ақ өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды.

Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін. Өрт сағат 03:56-да оқшауланып, сағат 04.29-да толықтай сөндірілді. Оқиға орында өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.