Бүгін Нұр-Сұлтанға барлық әуе рейстерінің жолаушылары ПТР-тест анықтамаларымен келді. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
"27 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласына Түркиядан 138 әуе жолаушысы келді, оның ішінде Қазақстанның 101 азаматының барлығы COVID-19 ПТР анықтамасымен келді. Нұр-Сұлтан қаласының карантиндік стационарына бүгін ешбір жолаушы түскен жоқ", деді С.Байғабылов.
Айта кетейік, Қазақстанға келетіндерден, оның ішінде Қазақстан азаматтарынан ПТР-анықтама талап ету бойынша шектеулер енгізілді.