• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қазан, 2020

Маңғыстауда қайта той жасаған мейрамханалар мүлдем жабылып қалуы мүмкін

430 рет
көрсетілді

Алдағы уақытта карантин талаптарын бұзып, бір рет айыппұл төлесе де, тағы да көпшілікті жинаған кәсіпкерлер соттың шешімімен мейрамхананы мүлде жабуы мүмкін. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстау облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінін басшысы Ғазиз Надуев хабарлағандай, ведомствоаралық комиссия отырысында карантин талаптарын бұзған тойхана, дәмхана иелеріне қатысты заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтерілген.

Себебі кей өңірлерде отбасылық мерекелер ұйымдастырып әкімшілік шараға тартылған кәсіпкерлер тағы да карантин талаптарын сақтамай бірнеше рет той жасау деректері тіркелген. Сондай-ақ өңірде соңғы 20 күнде 27 карантин талабын бұзу дерегі анықталған.

"Рейд барысында 108 нысанда заңбұзушылық анықталып, 57 (12 жеке кәсіпкер, 44 жеке тұлға, 1 заңды тұлға) әкімшілік хаттама (5 млн 972 700 теңге) толтырылды. Алдағы уақытта карантин талаптарын бұзып, бір рет айыппұл төлесе де, тағы да көпшілікті жинаған кәсіпкерлер соттың шешімімен мейрамхананы мүлде жабуы мүмкін. Ведомствоаралық комиссия отырысында карантин талаптарын бұзған тойхана, кафе иелеріне қатысты заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтерілді. Оған себеп, кей өңірлерде отбасылық мерекелер ұйымдастырып, әкімшілік шараға тартылған кәсіпкерлер тағы да карантин талаптарын сақтамай, бірнеше рет той жасау деректері тіркелген", деді Ғазиз Надуев.