• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2013

Оқушылар «Астана Опера» театрын тамашалады

446 рет
көрсетілді

Театр әкімшілігі жасөспі­­рім­дердің өнер ошағын тегін аралап, тамашалауына мүмкіндік туғызады. Күзгі демалыс уақы­­тында өздері үшін жасалған мұндай айрықша сыйға өркендер дән риза. Театрдың мұражайы мен камералық залын тамашалаған оларға, әсіресе, Ресейдің Үлкен театрынан әке­лінген жәдігерлер ерекше әсер қал­дырды. Өнер шаңырағының басты залында оқушылар өз дауыстарын сынап көрсе, камералық залда фран­цуздық және итальяндық шеберлер салған картиналардың көркемдігіне тәнті болды.

Оқушыларға тегін экскурсия ұйымдастыру жобасын қолға алу нәтижесінде өскелең ұрпақтың бо­йына мәдени, этикалық және эс­те­тикалық құндылықты қалып­тас­тыру идеясы жүзеге асы­ры­ла бастағандай. «Басты мақсат – балаларды қызықтыру, олар­дың бо­йындағы театрға деген сүйіс­пеншілікті, сахна өнеріне де­ген талғамды қалыптастыру, со­нымен қатар, жас өркеннің бекзат өнер­ді дамытуға атсалысуы үшін эмоциялық-психологиялық жай­лылықты қамтамасыз ету», – дей­ді бұл туралы «Астана Опера» мем­лекеттік опера және балет теат­­­­­­рының директоры Т.Мұ­хамед­­­­жанов.

Балалардың көлік шығынын Астана қалалық білім басқармасы өз мойнына алған. Театр әкімшілігі бұл жобаны келешекте республика көлемінде жүзеге асыруға мүдделілік танытып отыр.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар