• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қазан, 2020

Атырауда студенттер жатақханасы өртенді

880 рет
көрсетілді

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің төрт қабатты жатақханасы өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, кеше жатақхананың бірінші қабатын өрт шарпыған. Өрт ұзартқыштың қысқа тұйықталуынан шыққан. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жатақханадан 36 адам, оның ішінде 8 бала шығып үлгеріпті.

"Жатақханада 21 отбасы тұрады. Олар – оқытушылар. Өртті сөндіруге 20 қызметкер мен 6 арнайы техника жұмылдырылды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.