Бүгін Парламент Мәжілісінде Экологиялық кодекс жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев депутаттарға тиісті құжатты таныстырды. Жаңа кодекс қоршаған ортаның ахуалын жақсартуға бағытталған. Құжаттағы маңызды нормалардың бірі – "ластаушы төлейді" принципі. Сонымен бірге ол өндіріске ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында еліміздегі экологиялых ахуал жақсаратынын атап өтті. Заң жобасында жергілікті атқарушы органдар түсетін экологиялық төлемдердің есебінен 100% пайыз көлемінде табиғатты қорғау іс-шараларына қаржы бөлуге міндетті екендігі көрсетілген. Заңсыз қоқыс тастау мәселесін жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі көзделген.