"Saryarqa Aqparat" медиахолдингі Қарағанды облысының жетекші БАҚ өкілдерімен бірлесіп "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қолдауымен коронавируспен күрес тақырыбындағы үздік үгіт-насихат материалдарына байқау жариялайды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Байқауға Қазақстан Республикасының кез келген тұрғыны қатыса алады. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстарды кез келген түрде – видео, фото, сурет, коллаж, графикалық дизайн, өлең, ән т.б. беруге болады.
Қатысушы әртүрлі номинацияға түрлі жұмыстарын жібере алады. Бір қатысушының бірнеше жұмыс ұсынуына шектеу жоқ.
Конкурс 4 номинациядан тұрады: 1. Вирусқа қарсы үздік бейнеролик. 2. Тұтынушыларға қамқорлық. 3. Антивирус бояулары. 4. Бетперде киген адам.
Байқауға қатысушылар жұмыстарын Instagram, Facebook және т.б. әлеуметтік желілердегі парақшаларында өзі қатысатын номинацияны көрсете отырып, қазақ немесе орыс тілінде #АнтиКовидKrg хэштегімен жариялайды. Сондай-ақ, Life.09_ Instagram парақшасына жазылып, сілтеме жасауы шарт.
Айта кетейік, байқау 1-25 қараша аралығында өткізіледі. Байқау қорытындысы 26 қарашадан 29 қарашаға дейін шығарылады. Әр номинация бойынша 5 жеңімпаз анықталады. Жалпы 4 номинация бойынша 20 жеңімпаз таңдалады. Жеңімпаздардың әрқайсы 50 000 теңгеден ақшалай сыйақымен марапатталады.