• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2013

Ғалыммен кездесу

790 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің кітапханасында көрнекті әдебиеттанушы, қоғам қайраткері, академик Сейіт Қасқабасов оқырман қауыммен кездесті. Оған Сейіт ағаның шәкірттері, әріптестері, сондай-ақ, ЕҰУ-дің студенттері мен Астана қаласының мектеп кітапханашылары және ғылыми кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында жиналғандар академиктің өмір жолы, қазақ әде­­бие­тін дамытуға қосқан зор үлесі жайлы сөз сабақтады. Сейіт Асқарұлы болса, ғылым жолына алғаш аяқ басқан сәттері, ірі тұлғалармен кездесулері жайлы әңгімеледі.

Сейіт Қасқабасов – елімізге белгі­лі тұлға. Оның ғылым саласында бағындырған биіктері шоқтықты. Ол – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қа­­­­­­­зақ­стан Республикасы Мемлекеттік сый­лығының лауреаты, Ш.Уәлиханов атын­дағы сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Кездесуге қатысушылар арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесін және академиктің өмірінен сыр шер­­­­те­тін фотосуреттерді тамашалады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар