• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Қазан, 2020

АҚШ Иранға тағы санкция салды

194 рет
көрсетілді

АҚШ билігі Иранға және елдегі мұнай-газ саласына қатысты компанияларға жаңа санкция салды. «Қара тізімге» іліккендер қатарында Иранның мұнай министрлігі де бар. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл қадам Тегеранға қысым көрсету мақсатында жасалып отыр.

АҚШ-тың Қазынашылық департаменті Иранның мұнай-газ саласы Құдс күштерін қаржыландырып отырғанын алға тартады. Осылайша, Тегеран билігі аймақтағы тұрақтылыққа кедергі келтіріп отыр.

Сондай-ақ «қара тізімге» енгендер қатарында Иранның Ұлттық мұнай компаниясы мен Ұлттық танкер компаниясы да бар. Вашингтон билігі атал­ған компаниялар мен оларға қатысы бар тұл­ға­лардың АҚШ-тағы шоттарын бұғаттап, аме­ри­­ка­лықтардың олармен сауда жасауына тыйым салды.

Иран мен АҚШ арасы Дональд Трамп Ақүй тізгінін ұстағалы қайта бұзылған-ды. Мәселен, 2018 жылы АҚШ тарапы Иранмен жасалған ядролық қару жөніндегі келісімнен шықты. Биылғы қаңтарда осы елдің танымал генералдарын атып өлтірді.