Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Атырауда наурыздан бері 11794 сәби өмірге келгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 538 сәбиге көбейіп отыр.
"Биылғы 1 наурыздан бері 11 794 бала көмірге келді. Тәуліктік орташа есеппен 25 ана босанды. Коронавирус пандемиясы кезінде облыстық перинаталдық орталық жанынан 30, Атырау қалалық перзентханада 8 кереуеттік провизорлық стационар жасақталды. Коронавирус инфекциясы анықталған әйелдер аталған стационарларда босанды. Аналардың балаларынан қауіпті індет анықталмады" деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.