Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 25-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz АА.com сайтына сілтеме жасап.
"Измир қаласында 743 тұрғын зардап шекті, бесеуі Маниса провинциясында, екеуі Балыкесирде және Айдын провинциясында 54 адам, барлығы 804 адам", делінген хабарламада.
Қираған 17 тұрғын үйдің сегізінде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Түркияның батысында жұма күні жергілікті уақыт бойынша 14.51-де 6,6 баллдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферхисар ауданының жағалауында болған. Жер сілкінісінің ошағы 16,5 км тереңдікте орналасқан.