Измирдегі жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 42 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Таңғы 05:30-да 786 афтершок болып, оның қырқының күші 4 балдан жоғары болды.
Жараланған 896 адамның 667-сі жазылып шықты, қалған 229 адам емін жалғастыруда", делінген хабарламада.
Айта кетейік, жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферхисар ауданының жағалауында болған. Жер сілкінісінің ошағы 16,5 км тереңдікте орналасқан.