• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қараша, 2020

Жезқазғанда жаңа госпиталь пайдалануға берілді

268 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласында инфекциялық бақылаудың барлық стандарттары мен талаптарына жауап бере алатын заманауи модульдік госпиталь салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі айдың ішінде бой көтерген емдеу мекемесі компьютерлік томографпен, сандық рентген аппаратымен, медициналық газдар жүйесімен, УДЗ, ЭКГ, ӨЖЖ және басқа да диагностика жасау және емдеуге қажетті заманауи аппарат құралдарымен жабдықталған.

Сондай-ақ, медициналық мекемеде қауіпсіздік деңгейі жоғары ақылды желдету жүйесі орнатылған. Палаталардағы әр төсектің тұсында пост медбикесін шақыру түймесі бар. Оқшауланған бокстарға арнайы чиптер арқылы ғана кіруге болады. Сонымен қатар, мұнда жансақтау бөліміне  арналған 20 төсек те қарастырылған.

Ішіне бір мезгілде 200 науқасты жатқызуға болатын госпитальдің Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға игі ықпалын тигізері анық.

Бүгінгі күнде су жаңа ауруханада елорда, Қарағанды және Тараз қалаларынан арнайы шақырылған білікті дәрігерлері даярлық жұмыстарын бастап кетті.

 

 

Қарағанды облысы