• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қараша, 2020

Маңғыстаудың шалғай ауылдарына 2 жылжымалы медицина кешені табысталды

282 рет
көрсетілді

Маңғыстаудың медицина басқармасының материалдық-техникалық базасы 2 жылжымалы медициналық кешенмен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңір басшысы Серікбай Трұмов отандық автокөлік негізінде құрыстырылған және көшпелі жағдайда азаматтардың денсаулығын тексерудің кең спектріне арналған техникаларды Түпқараған мен Қарақия аудандық ауруханаларына табыстады. Жылжымалы медициналық кешендер цифрлық құралдармен жабдықталған.

Рентген, Ультрадыбыстық зерттеу секілді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл кешенде медициналық, диспансерлік тексерулер, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету, медициналық және зертханалық зерттеулер, салауатты өмір салтын үгіттеу және қалыптастыру қызметі жүргізілмек.

Арнайы жасақталған көлік облыс орталығынан шалғай орналасқан халыққа медициналық қызметтерді жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.