• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2010

МАҢЫЗЫ ЖОҒАРЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР

507 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бірқатар кез­десулер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Израильдің Индустрия, сауда және еңбек министрі Биньямин Бен-Элиэзермен кездесуде екіжақты сауда-эко­но­микалық қызметтестікті одан әрі ұлғайту перспективалары талқыланды. Қазақстан Премьер-Ми­нистрі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Қазақ­стан­ның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарла­ма­сын жүзеге асыру, сол сияқ­ты күшіне енген Кеден одағы рыногының ұлғаюы Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарының әлеуетін ай­тар­лықтай кеңейтетінін атап көрсетті. Түрік Республикасының Мем­­лекеттік министрі Зафер Чаг­лаянмен кездесуде екі ел ара­­сындағы экономикалық қыз­мет­тестіктер болашағы сөз болды. К.Мәсімов Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын және Президенттің елді үдемелі ин­новациялық индустрияландыру жөніндегі бесжылдық бағдарла­ма­сын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанда шығарылатын тауар­ларды Кеден одағына мүше елдердің аумағында өткізу артықшылығы аясында елдің инвестициялық әлеуетінің артып отырғанын атап өтті. Осы күні Премьер-Министр К.Мәсімов Француз Респуб­ли­ка­сы Парламенті Сенатының қар­жы комитетінің төрағасы Жан Ар­тюс бастаған француз пар­ла­менттік делегациясымен кездесті. Кездесу барысында екі ел пре­зиденттері қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асы­ру­дың және екі ел арасындағы эко­номикалық қызметтестікті одан әрі дамытудың кейбір көкейкесті мәселелері жөнінде пікір алмасылды. К.Мәсімов сенаторларға 2007-2009 жылдары экономи­ка­ны тұрақтандыру жөнінде қа­был­данған шаралар мен оны дағ­дарыстан кейінгі кезеңде да­мыту перспективалары туралы баяндады. Кездесу барысында шетел­дік меймандардың бәрі де Қа­зақ­стандағы экономикалық даму сая­сатына жоғары баға беріп, өз­дерінің екі жақты байланыстарды одан әрі жетілдіре түсуге мүдделі екендіктерін білдірді.