• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қараша, 2020

Нью-Йоркке келушілер 3 күндік карантинде болады

207 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Нью-Йорк штатына келушілер енді тек 3 күн оқшауланатын болды. Бұл туралы штат губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Нью-Йоркке келушілер 14 күнге оқшауланатын. Енді жергілікті билік АҚШ-тың басқа аймақтарынан штатқа кіретін адамдар үшін екі апталық карантинді алып тастап отыр. Жаңа ережелерге сәйкес, келгендердің барлығы үш күндік оқшауланудан өтіп, содан кейін COVID-19 тестін тапсыруы керек. Егер нәтиже теріс болса, ол карантиннен шығарылады. Ал тестілеуден өтуден бас тартқандар үшін оқшаулану мерзімі 2 аптаға созылады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, елде коронавирус жұқтырғандар саны 9,2 миллионнан асты. Індеттен 230 мыңнан астам науқас қайтыс болды.