• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2020

Ұлттық ұлан патрулі мен тұрғындар арасындағы төбелестің видеосы пайда болды

1443 рет
көрсетілді

Оқиға орнында түсірілген бейнежазба Instagram-да пайда болды. Қалалық орталық мешіт маңында Ұлттық ұланның патрулі мен қала тұрғындарының арасында түсінбестік орын алған. Оған себеп азаматтардың медициналық маска тақпауы сеебеп болыпты, деп хабарлайды Egemen.kz

Полиция бөлімшесіне барған соң тараптар оқиғаның мән-жайын түгел баяндап берді. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, 26 және 37 жастағы екі ер адам қызметте болған 5512 әскери бөлімінің қызметшілерінедене жарақатын салған. Оқиға 1 қараша күні, сағат 19.25 уақытында орын алыпты. Қала тұрғындарының әрекеті құзырлы органдар тарапынан бұзақылық деп танылып отыр. Сондай-ақ, ер адамдар өздерін агрессивті ұстап, патрульге дөрекі сөздер айтыпты. 

"Әскери қызметшілер бұл адамдардан қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтатуды және учаскелік полиция пунктіне баруды сұрапты. Бірақ олар қарсылық көрсетіп, әскери қызметшілердің бірінің көзін жарақаттады", деп толықтырды департаменттен. Сондай-ақ, полиция ерлерге қатысты арнайы құралдар қолданылғанын да атап өтті.