• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қараша, 2020

Измирде үйінді астында қалған 3 жасар қыз 65 сағаттан кейін құтқарылды

281 рет
көрсетілді

Измирде жер сілкінісінен кейін 65 сағат өткен соң, 3 жастағы Элиф Перинчек тұрғын үйлердің бірінің астынан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолыға сілтеме жасап.

Агенттік хабарлағандай, 3 жасар қыз жақын маңдағы ауруханалардың біріне орналастырылған. Элифтің туыстары  оның аман қалғанын естіп қуанып жатқан көрінеді.

Сондай-ақ бүгін 14 жастағы Идил Ширин атты тұрғын қоқыс астынан шығарылды.

Еске сала кетейік, 2 қараша күні таңертең Измирде 6,6 баллдық жер сілкінісі болды. Оқиға салдарынан қайтыс болғандардың саны 79 адамға жетті. Зардап шеккен 963 адамның 743-і ауруханадан шығарылды, 219 адам  әлі де емделуде.