Статистика комитетінің хабарлауынша, 2020 жылғы ІІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 204330 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
Салалық құрылымда ең үлкен жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 448,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 381 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 314,8 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 276,1 мың теңге (1,4 есеге асты), көлік және жинақтау саласында – 249,9 мың теңге (1,2 есеге асты) деп белгіленді.
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 142,6 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 30,2 %-ға төмен.
Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында тіркелді – 350,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 148,6 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 27,3%-ға төмен.