• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Қараша, 2020

Үлескер компаниялардың жаңартылған тізімі жарияланды

135 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы үлескерлерден ақша жинауға 21 рұқсат берді. Оның 2-еуі қазан айында берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

11 құрылыс компаниясы көпқабатты үйдің қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлерден ақша жинауға рұқсат алды. 10 компания – екінші деңгейлі банк жобасына қатысу бойынша.

Еске сала кетейік, "Тұрғын үй құрылысына ортақ қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:1 Кепілдік беру қорының кепілдігін алу2 Екінші деңгейлі банк жобасына қатысу3 Тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлерден ақша жинау.

Үлестік құрылыстың әлеуетті қатысушысы (сатып алушысы) үлескерлерден қаражат тартуға арналған рұқсаттардың болуын тексеруге және сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен кеңесуге құқылы.