• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2020

Сотталғандар еріктілермен бірге еңбек етуде

175 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында «Көмек қолы» бірлескен акциясы жалғасуда, яғни Ақтау қалалық пробация қызметінің қызметкерлері «Біз адамдармыз – біз біргеміз» қоғамдық қорымен, «Қазақстан еріктілер лигасымен» бірлесе отырып, «Шанс» қоғамдық қорының жануарларды уақытша ұстау орталығында кезекті сенбілік өткізді.

 -Қаланың еріктілері, пробация қызметкерлері әлеуметтік жұмыстың әртүрлі бағыттары бойынша тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасасып отырады. Мәселен, Ақтау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар иттерге арналған үй дайындап, қоғамдық қорға табыстады және  сотталғандардың қолымен иттер үшін тағы бір үй дайындалуда. Сондай-ақ  пробация қызметкерлері қақпалар мен жануарлардың жарамсыз қоршауларын дәнекерледі, ал «Біз адамдармыз – біз біргеміз», «Қазақстан еріктілер лигасы» қоғамдық қорларының еріктілері ағаш үйшіктерді жөндеді, аумақты тазалады және жануарларға мейірімділік пен жылулық сыйлаудың озық үлгісін көрсетті. Қазақстандағы еріктілер жылы қоғам өмірінің түрлі салаларын қозғады және келесі жылы құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам одан әрі тығыз ынтымақтастықты жалғастырады деген үміттеміз,  дейді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметінің бастығы Ғабит Чутабеков.

 

 

Маңғыстау облысы