• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қараша, 2020

Мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерді кәсіпке баулиды

343 рет
көрсетілді

Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен мүгедек баласы бар аналарға арналған жоба басталды. «Ерекше жандардың сәттілік синергиясы» деп аталатын жоба Орта Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау аясында жүзеге асырылды.

«Ұрпақ next» қоғамдық қорының басшысы Гүлжанат Мұратбайдың айтуынша, Еуразия қоры үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін көтеру мақсатында арнайы грант бөлген. Онда Маңғыстаудың «Ұрпақ Next» қоғамдық қоры жеңімпаз атанды.

– Биыл қазан айынан басталған жоба 2021 жылдың сәуір айына дейін жүзеге асады. Жоба мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұмыспен қамтып және кәсіпкерлікпен айналысуға көмектеседі. Бұған 18 бен 45 жас аралығындағы өңірде тұратын мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектер мен ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар қатыса алады, – деді Г.Мұратбай.

Жоба аясында мамандар мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерге құрақ құрау, кондитер, визажист, SMM маманы бойынша онлайн курс өткізеді. Кейін курсқа қатысушылар өз кәсібін ашу, басқару, маркетинг, сату, жеке брендті қалыптастыру, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану, мемлекеттік бағдар­лама­лар мен субсидия алу секілді тақы­рыптарды қамтыған бизнес курсынан өтеді.

Мәліметтер Маңғыстау облысында 27 481 мүмкіндігі шектеулі адам тұра­тынын көрсетеді. Оның 56%-ы еңбекке қабілетті саналады. Басты мақсат нәт­и­желі жұмыс­пен қамту бағы­ты болған­дық­тан, тұрғылықты жерде жұмыс­қа орна­ласуға немесе өз кәсібін ашуға атал­ған қоғамдық қор мүмкіндігінше ықпал етеді.

Жанашыр болып, бірін-бірі қолдап жүру – азаматтықтың, адамгершіліктің бел­гісі. Ал мүгедек жандарға көмек қолын созу жақсылықтың да жақсылығы болмақ.

 

Маңғыстау облысы