• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Қараша, 2020

Шаханның шешілмеген мәселесі көп

154 рет
көрсетілді

Осыдан 3 жыл бұрын Қарағанды облысындағы Шахан кентінде бес қабатты үйдің жертөлесіндегі жылыту қазандығы жарылып, апат салдарынан тоғыз адам көз жұмған болатын.

Арада үш жыл өтсе де шахан­дық­тар әлі күнге дейін жылу­ға жа­рымай отыр. Әлбетте, жер­гі­лік­ті билік қол қусырып қа­рап отыр деуден аулақпыз. Бұл бағытта алға біршама жылжу бар. Мысалы, қазір Шахан кен­тінде орталықтандырылған жылу қазандығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мұнда құрамы 50 жұмысшыдан тұратын бригада күн-түн демей жұмыс іс­теуде. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша басталған қазандық құрылысын келесі жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Жылу қазандығы құрылы­сы­мен айналысушы мердігер компаниясының басшысы Әмір Дәулеталиев нысанның заманауи, энергиялық тиімділігі жоғары технология бойынша салынып жатқанын айтты. Яғни бұл жоба көмірдің кез келген түрін пайдалануға мүмкіндік береді.

– Жаңа нысанда үш қазандық бар. Қазір біз ғимараттың төбесін жабуды аяқтап қалдық. Алдағы апт­ада қажетті жабдықтарды орната бастаймыз. Келесі жылы жылу трассасын тартып, нысанның айналасын абаттандыруды қолға аламыз, – дейді құрылыс компаниясының бас директоры.

Маманның айтуынша, қазан­дық­­тың қуаты бүкіл ауылға 35 гига­калория беруге қауқарлы бо­лады. Тіпті болашақта кент­­те жаңа үйлер салынса, оларды да жылумен толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік туа­ды.

Аталған кентте жылу мәселе­сі­нен басқа да проблемалар бас­тан асады. Мәселен, 8 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекенде қаңырап бос тұрған ғимараттар аз емес. Егер істің қиюын та­бар ұйымдастырушы адам болса, мұның бәрін іске жаратушы  еді. «Бос тұрған ғима­рат­тар­ды жөндеп, оларға бала­бақ­шалар мен білім беру меке­мел­ерін орналастырса» деген тілек айта­ды жергілікті тұр­ғын­дар. Елді мекендегі кәріз жүйе­ле­рі де ес­кірген, айырбастауды қажет етеді.

Кентте ауыл тұрғындары үшін қыста спортпен айналысатын нысан атымен жоқ. Мұның өзі ауыл жастарының кешке таман бос сенделіп жүруіне әкеп соқтырады. Қазір жергілікті полиция бөлімінде басшы да табылмай тұр. Бұл жағдай қылмыс деңгейінің өсуіне тікелей әсер етуі мүмкін.

Сол секілді Шахандағы бас­ты проблеманың бірі – жеке сектордағы интернеттің әлсіздігі. Осының салдарынан балалар онлайн режіміндегі оқу барысында қиындықтарға тап болып жүр.

Бүгінде Шахан кентінің мәсе­ле­сі – облыс басшылығының тіке­лей назарында. Алдағы уа­қ­ыт­­­та елді мекеннің барлық про­б­­­лемасы ескеріліп, оларды ше­шу­дің тиімді жолдары қарас­ты­­рыл­мақ.

 

Қарағанды облысы