• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Қараша, 2020

Жастарға жарқыраған жарасады

301 рет
көрсетілді

Биылғы еріктілер жылы аясында «Республика – Аймақ – Даму» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Жас Өркен» республикалық сыйлығы байқауының лауреаттары марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер халықтық дауыс беру арқылы анықталған болатын.

Осы салтанатқа арналған марапаттау рәсімінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жеңімпаздарға жүл­делерін табыс етті.

Байқауда 300-ден астам үміт­­кер бақ сынады. Дауыс бе­ру­­дің бірінші кезеңіне қатысу мүмкіндігіне 126 жас ие болса, шешуші кезеңге 56 үміткер өтті.

Халықтық дауыс беру қоры­тындысына сәйкес, «Жас дарын» аталымы бойынша Мәди Пазыл мен «Жас қалам» номинация­сында үздік шыққан Ақтоты Әбді­қахарова бас жүлдеге ие бол­ды. Жеңімпаздардың екеуі де Қара­ғанды облысынан.

– Жастар үшін XXI ғасыр бі­лімге, мәдени байлыққа, инновациялар мен өз бетінше білім алуға ұмтылатын заман. Біз бә­секеге қабілетті болуға және өз елімізге пайдамызды тигізуге мін­деттіміз, – дейді Гран-при ие­гері, Жаңаарқа ауданындағы Б.Амал­беков атындағы орта мек­тептің оқушысы Мәди Пазыл.

Сонымен қатар Саят Абдолла («Жас блогер»), Бағлан Жаркенов («Үздік ерікті»), Самат Жүсіпов («Үз­дік ІТ-идея») және Мәдина Қай­ролла («Жас қалам») сынды жас өрен­дер байқаудың лауреаттары атан­ды.

 

ҚАРАҒАНДЫ