Қостанайда балаларына пышақпен шабуыл жасаған әйел сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Сот мәліметінше, балалардың анасы әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығының жатақханасында болған. Ол ас үй пышағымен 2016 және 2018 жылғы балаларын жарақаттаған. Бастапқыда әйелдің кісі өлтіру әрекеті үшін сотталғаны айтылады. Бірақ кейінірек прокурор ол бапты "денсаулыққа ауыр зиян келтіру" деп өзгерткен.
Нәтижесінде балаларына шабуылдаған әйел орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.Сот мәліметінше, үкім заңды күшіне енген жоқ.