• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қараша, 2020

Ақмола облысында санитарлық бекеттер қойылады

666 рет
көрсетілді

7 қарашада Ақмола облысында алты санитарлық бекет қойылады. Бұл туралы өңірлік тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

"7 қарашада сағат 00.00-де Ақмола облысында алты санитарлық бекет орнатылады. Қазір жабдықтарды орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, атап айтқанда термометрия қойылады", деді Мусина.

Ол санитарлық бекеттер сенбіден бастап жұмыс істейтінін, бірақ көлік қозғалысы жабылмайтынын айтты.